Пай, пай, өмір Өтесің ау бір
Пай, пай, Өмір Өтесіңау бір күні. Тиясыңау қуанышты күлкіні. Өмір деген бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген көк аспанның күркірі. Пай, пай, Өмір, Өтесіңау бір күні Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетемізау, әй, пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз. Өмір деген бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қаладыау Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс, Өмір дейтін өлемін деп қарамау.
|