Қытай елшісі Шыңжаңдағы қазақтардың қамалғаны жайлы ақпаратты жалған деді
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар қамауда отыр деген ақпаратты жалған деді. Елші Азаттық тілшісінің басқа сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да түркітілдес ұлттарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. Пекин басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйренетін орталық деп сипаттаған. Былтыр БҰҰ Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандар отыр деп мәлімдеген.
|
|