Төрт мезгіл Жанар Ешназар
ТӨРТ МЕЗГІЛ Күннің көзі қызынған, Ең әдемі, қуатты ай. Жарқын көңіл ұсынған, Жаз мезгілі жұмақтай. Бұғаулаған бойды еппен, Салқын салып санаңа. Күз мезгілі ойлы еткен, Алтынымен сары ала. Қаһарына тоңар ет, Бораны зор, жолдаса. Қыс ғаламат болар ма ед(і) Қары, мұзы болмаса. Күн сәулесі шашылған, Табиғатқа еркімен. Гүлдер әсем ашылған, Көктем көсем, көркімен. Айналаны қоршаған, Әлпештеген күн шуақ. Сыйға берген Жасаған, Төрт мезгіл де, сұлуақ Жанар Ешназар 25, 11, 2018 жыл
|