Свадьба Ерлан Бакыт
Үйіміздің үлкенісің, әпкеміз, Сәби едік, есейіппіз сәтте біз Көңілің баркөк аспандай кең сенің, Жанжүрегің шалқып жатқан ақ Ару қыз ең, аялаған атаанаң, Дос жараның ең жақыны атаған Өмір жолың тек шаттыққа бастасын, Үлкендерден келген, тілекбатадан Енді сенде өзге жаз бен өзге күз, Қызыл гүлдей құлпырыппыз лезде біз Аққу құстай аппақ болған өзіңді Алақанға салып өтсін жездеміз Тағдыр қостың сен өзіңе тең жанмен, Әр таңдарың шуақтансын енді әнмен Қуаныш пен тойдуманнан көз ашпай, Ұзақ ғұмыр кешіңдерші Ерланмен Жарық таңда шаттанбасақ бір айып, Жаратқаннан тек жақсылық сұрайық Бақыт құсы бастарыңнан кетпесін, Бақыт деген есіміңе лайық Өткен күнді көрсем егер санап мен, Талай арман, мақсат болды, талап пен Бұл өмірде өзіме не тілесем, Саған соны тілейінші жан әпкем Тілеймін мен ақ шуақты таң нұрын, Жаратушы бақытты етсін әр күнін Мен тілеймін осы күні сендерге Бақыт шатттық қуаныштың барлығын
|