Рамазан Асыл мұра өнер орталығы
Қош бол Рамазан Рамазан, сен тағы да өте шықтың. Сен бізге өмірдің өткінші екенін тағы бір ескерттің. Сен ықыласты құлдың мол сауапқа кенеліп, құнтсыздардың құр қалатынын тағы бір рет дәлелдедің. Ей, айлардың ең ардақтысы Рамазан, сен менің жүрегіме тыныштық пен береке ұялаттың Сен кеткесін мен тағы да ақиқатты жек көретін ібіліс пен нәпсіммен жеке қалудан қорқамын. Сен менің жаныма жеңілдік пен нұр сыйладың. Өзімді белгілі бір деңгейде шыңға шыққандай сезінудемін. Раббым осы биіктен төмендемей одан да биіктеуді нәсіп мешітте ауыз ашқандар су ішсін деп, бумабума су әкелген жігітті көрдім де, бармағымды шайнадым. Дәл осы іс неге менің ойыма келмеген деп жүрегім ауырды. Қолымнан келмейтін үлкен істерді армандап жүріп, қолымнан келетін жақсылықтарға мән бермеппін ғой деп өкіндім. Әлгі жігіт бұл жақсылығын Рамазан басталғалы бері араға күн салмай қайталап келіпті. Келесі Рамазанға жеткізсе, мен де осындай бір елеусіз іс істеймін деп бекіндім. Қош бол, қасиетті Ай Жүректерді нұрландырған Рама
|
|