Ердің жолы ( OST Жол 2014)
Ердің жолы Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін Бұл дегеннің ердің жолы, мен саған сенемін Атам қазақ айтып ед: Ер дегенін елдің көркі, Ұлы болған соң даланың Түгел болсын төркі, Кеудеңде лаулаған өртін Ұл Отанға деген сезім, Бабаң жауға бет бақтырмай Жүрген белестерді кезіп. Сол отыңды өшірме, Біреудің салтын көшірме, Өсегі артынан еріп Айналма бос сөз ішінде, Өмірбақи сыйлап өт Әйел деген асылды, Аналарға арналып Көп жақсы сөз жазылды, Өмір атты сапардың Ұзындығы қамшы сабы, Ең бастысы адам болу Жақсылықтың тауып бабын, Ұмытпа деп үйреткен Бар екенін бір құдайдың, Әр жасағаннан ісіңнен Ертенақ сенен сұрайды, Ондысолды шатасып Азғын артынан ерме, Қауіп төнсе шаңыраққа Жауға намыс жіберме, Тесік таппай кірерге Сен үшін жұртың ұялмасын, Сол үшін арыңды сақта Ұяңды да өрт шалмасын. Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін Бұл дегеннің ердің жолы,
|